Мектептегі тамақтану

Мектептердің тамағын ұйымдастыруға арналған перспективалық ас мәзірі

Утв меню 2023 года


Мектепте 1-11 сынып оқушылары 119 адам көлемінде ыстық тамақпен қамтылған, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы 100 пайызды құрайды.
Жалпыға бірдей білім беру есебінен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 12 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 4 бала бастауыш сыныпта, 6 бала орта мектептен, 2 бала жоғарғы мектептен. Оның ішінде 1 бала қамқоршылықта болса, 4 бала атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан, 7 бала аз қамтылған отбасынан.
Бекітілген ас мәзірі күнделікті асханада ілінеді.
Барлық сатып алынған өнімдердің сәйкестік сертификаты бар.
Технологиялық процестің сақталуын бақылау үшін дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан күнделікті сынама алынады. Күнделікті үлгіні таңдауды Мулдагалиева А.И. медбике жүзеге асырады,оның ішінде келіп түсетін өнімдердің сапасын, өнімдердің дұрыс дайындалуын бақылайды.
Ауыз су режимін ұйымдастыру талаптары орындалуда, асханада ауыз су бұрқағы орнатылған.
Балалардың рационында тыйым салынған тағамдар тұтынылмайды.
Асханада қолды жууға арналған раковиналар орнатылған.

Қосымша ақпарат көздері